quranm◉

Бет 262

Range
from 15:1 to 15:15
Surahs covered
Аударма
15 Аударма

◉

15:1

الٓرۚ تِلۡكَ ءَايَٰتُ ٱلۡكِتَٰبِ وَقُرۡءَانٖ مُّبِينٖ ﴿1﴾

Әлиф. Ләм. Ра. Бұлар Кітаптың; ап-ашық Құранның аяттары.

15:2

رُّبَمَا يَوَدُّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لَوۡ كَانُواْ مُسۡلِمِينَ ﴿2﴾

Кейде сондай қарсы болғандар да: “Әттең! Мұсылман болсақ еді” деп арман қылады. (С.27-А.)

15:3

ذَرۡهُمۡ يَأۡكُلُواْ وَيَتَمَتَّعُواْ وَيُلۡهِهِمُ ٱلۡأَمَلُۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ ﴿3﴾

(Мұхаммед Ғ.С.) оларды қойып қой. Жесін, пайдалансын; дәмелері айналдырсын. Олар жуықта түсінеді.

15:4

وَمَآ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةٍ إِلَّا وَلَهَا كِتَابٞ مَّعۡلُومٞ ﴿4﴾

Ешбір жұртты, белгілі бір ерзімсіз әсте жоқ етпедік.

15:5

مَّا تَسۡبِقُ مِنۡ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ ﴿5﴾

Ешбір үммет ажалын ілгердете алмайды да кейіндете алмайды.

15:6

وَقَالُواْ يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِي نُزِّلَ عَلَيۡهِ ٱلذِّكۡرُ إِنَّكَ لَمَجۡنُونٞ ﴿6﴾

(Кәпірлер, Пайғамбарға): “Әй өзіне үгіт (Құран) түсірілген! Сен анық жындысың” деді.

15:7

لَّوۡمَا تَأۡتِينَا بِٱلۡمَلَـٰٓئِكَةِ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّـٰدِقِينَ ﴿7﴾

“Егер сен шыншылдардан болсаң періштелерді неге әкелмейсің?”

15:8

مَا نُنَزِّلُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةَ إِلَّا بِٱلۡحَقِّ وَمَا كَانُوٓاْ إِذٗا مُّنظَرِينَ ﴿8﴾

Періштелерді бір шындық түрінде ғана түсіреміз де сол уақытта оларға мұрса берілмейді.

15:9

إِنَّا نَحۡنُ نَزَّلۡنَا ٱلذِّكۡرَ وَإِنَّا لَهُۥ لَحَٰفِظُونَ ﴿9﴾

Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз.

15:10

وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا مِن قَبۡلِكَ فِي شِيَعِ ٱلۡأَوَّلِينَ ﴿10﴾

Расында (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын алғашқы топтарға да елші жібердік.

15:11

وَمَا يَأۡتِيهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ ﴿11﴾

Оларға келген пайғамбарды, олар, мүлде тәлкек қылар еді.

15:12

كَذَٰلِكَ نَسۡلُكُهُۥ فِي قُلُوبِ ٱلۡمُجۡرِمِينَ ﴿12﴾

Осылайша (мазақтаған нәрсесін) күнәкарлардың жүректеріне кіргіземіз.

15:13

لَا يُؤۡمِنُونَ بِهِۦ وَقَدۡ خَلَتۡ سُنَّةُ ٱلۡأَوَّلِينَ ﴿13﴾

Сонда да олар оған сенбейді. Расында бұрыңғылар да сөйтіп өткен болатын.

15:14

وَلَوۡ فَتَحۡنَا عَلَيۡهِم بَابٗا مِّنَ ٱلسَّمَآءِ فَظَلُّواْ فِيهِ يَعۡرُجُونَ ﴿14﴾

Егер оларға көктен бір есік ашсақ, дереу жоғары шығып бара жатса:

15:15

لَقَالُوٓاْ إِنَّمَا سُكِّرَتۡ أَبۡصَٰرُنَا بَلۡ نَحۡنُ قَوۡمٞ مَّسۡحُورُونَ ﴿15﴾

“Расында көздеріміз байланды. Бәлкім біздер жадыланған елміз” деседі.