Сүре An-Nahl 16:112
وَضَرَبَ ٱللَّهُ مَثَلٗا قَرۡيَةٗ كَانَتۡ ءَامِنَةٗ مُّطۡمَئِنَّةٗ يَأۡتِيهَا رِزۡقُهَا رَغَدٗا مِّن كُلِّ مَكَانٖ فَكَفَرَتۡ بِأَنۡعُمِ ٱللَّهِ فَأَذَٰقَهَا ٱللَّهُ لِبَاسَ ٱلۡجُوعِ وَٱلۡخَوۡفِ بِمَا كَانُواْ يَصۡنَعُونَ ﴿١١٢﴾
◉
Аударма
Алла сендерге бейбітшіліктегі жайбарақат бір кентті мысал берді: Оған әр тараптан мол ризық келуші еді. Ақырында, Алланың нығыметіне қарсы келді. Сондықтан Алла оларға қылықтарының салдарынан ашаршылық және хауіп-қатердің тонын кидіріп жапа тарттырды. (Бұл Мекке кенті. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.)
Аллаһ бір кентті мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті / Раббысының бергендерін мойындамады / . Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды.