Сүре Al-Baqarah 2:144
قَدۡ نَرَىٰ تَقَلُّبَ وَجۡهِكَ فِي ٱلسَّمَآءِۖ فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبۡلَةٗ تَرۡضَىٰهَاۚ فَوَلِّ وَجۡهَكَ شَطۡرَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۚ وَحَيۡثُ مَا كُنتُمۡ فَوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ شَطۡرَهُۥۗ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ لَيَعۡلَمُونَ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا يَعۡمَلُونَ ﴿١٤٤﴾
◉
Аударма
(Мұхаммед Ғ.С.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Месжід Харам» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнеетіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес.
/ Ей, Мұхаммед! / Біз жүзіңнің аспанға бұрылғанын көреміз. Енді сені өзің разы болатын қыблаға / бағытқа / бұрамыз.Жүзіңді «әл-Харам» мешіті жағына қарат.Қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Ақиқатында, Кітап берілгендер, оның / қыбланыңауысуының / олардың Раббысынан бір ақиқат екенін біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан хабарсыз емес.