Сүре Al-Baqarah 2:145
وَلَئِنۡ أَتَيۡتَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ بِكُلِّ ءَايَةٖ مَّا تَبِعُواْ قِبۡلَتَكَۚ وَمَآ أَنتَ بِتَابِعٖ قِبۡلَتَهُمۡۚ وَمَا بَعۡضُهُم بِتَابِعٖ قِبۡلَةَ بَعۡضٖۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعۡتَ أَهۡوَآءَهُم مِّنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلۡعِلۡمِ إِنَّكَ إِذٗا لَّمِنَ ٱلظَّـٰلِمِينَ ﴿١٤٥﴾
◉
Аударма
(Мұхаммед Ғ.С.) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардың қыбласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің қыблаларына ілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың.
Әрі Кітап берілгендерге барлық белгілерді келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді. Сен де олардың қыбласына еруші емессің. Сондай-ақ олар да бір-бірінің қыбласына еруші емес. Өзіңе білім келгеннен кейін, олардың көңіл құмарлығына ерсең, онда сен сөзсіз, әділетсіздерден боласың.