Сүре Al-Baqarah 2:33
قَالَ يَـٰٓـَٔادَمُ أَنۢبِئۡهُم بِأَسۡمَآئِهِمۡۖ فَلَمَّآ أَنۢبَأَهُم بِأَسۡمَآئِهِمۡ قَالَ أَلَمۡ أَقُل لَّكُمۡ إِنِّيٓ أَعۡلَمُ غَيۡبَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَأَعۡلَمُ مَا تُبۡدُونَ وَمَا كُنتُمۡ تَكۡتُمُونَ ﴿٣٣﴾
◉
Аударма
(Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді.
/ Аса ұлы Аллаһ / : «Ей, Адам! Оларға атауларын айтып бер»,- деп айтты. Сонда / Адам / оларға ол нәрселердің атауларын айтып бергенде, / Аллаһ / : «Мен сендерге аспандардың және жердің ғайып нәрселерін білемін, сондай-ақ, сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» - деді.