quranm◉

Сүре An-Naml 27:44

قِيلَ لَهَا ٱدۡخُلِي ٱلصَّرۡحَۖ فَلَمَّا رَأَتۡهُ حَسِبَتۡهُ لُجَّةٗ وَكَشَفَتۡ عَن سَاقَيۡهَاۚ قَالَ إِنَّهُۥ صَرۡحٞ مُّمَرَّدٞ مِّن قَوَارِيرَۗ قَالَتۡ رَبِّ إِنِّي ظَلَمۡتُ نَفۡسِي وَأَسۡلَمۡتُ مَعَ سُلَيۡمَٰنَ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ﴿٤٤﴾

◉

Аударма

Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым." деді.
— Khalifa Altay
Оған: «Сарайға кір», - делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, / етегін түріп / балтырын ашты. / Сүлеймен / : «Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», - деді. / Сонда ол / : «Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», - деді.
— Khalifah Altai

Тақырыптар · Аят

◉ Сүре · ∞