Сүре Muhammad 47:15
مَّثَلُ ٱلۡجَنَّةِ ٱلَّتِي وُعِدَ ٱلۡمُتَّقُونَۖ فِيهَآ أَنۡهَٰرٞ مِّن مَّآءٍ غَيۡرِ ءَاسِنٖ وَأَنۡهَٰرٞ مِّن لَّبَنٖ لَّمۡ يَتَغَيَّرۡ طَعۡمُهُۥ وَأَنۡهَٰرٞ مِّنۡ خَمۡرٖ لَّذَّةٖ لِّلشَّـٰرِبِينَ وَأَنۡهَٰرٞ مِّنۡ عَسَلٖ مُّصَفّٗىۖ وَلَهُمۡ فِيهَا مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ وَمَغۡفِرَةٞ مِّن رَّبِّهِمۡۖ كَمَنۡ هُوَ خَٰلِدٞ فِي ٱلنَّارِ وَسُقُواْ مَآءً حَمِيمٗا فَقَطَّعَ أَمۡعَآءَهُمۡ ﴿١٥﴾
◉
Аударма
Сондай тақуаларға уәде етілген жаннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішушілерге дәмді арақтан өзендер (С. 45-47-А., 56-С. 19-А.) және балдан өзендер, сондай-ақ онда оларға әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар; (бұлар,) тозақта мәңгі қалып, қайнар су ішкізіліп, ішектері туралған біреумен тең бе?
Тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға! уәде етілген жәннаттың сипаты: ол жерде суы бұзылмайтын өзендер, дәмі айнымаған сүттен өзендер, ішушілерге ұнамды сусыннан өзендер және таза / қоспадан тазаланған / балдан өзендер бар. Оларға ол жерде әртүрлі жемістер бар әрі Оларға өздерінің Раббысынан кешірім болады. / Осылар / Отта мәңгі қалатын, сондай қайнап тұрған су ішкізіліп, ол ішектерін тіліп жіберетін біреулермен бірдей бола ма?