quranm◉

Сүре Al-Hujurat 49:12

يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱجۡتَنِبُواْ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلظَّنِّ إِنَّ بَعۡضَ ٱلظَّنِّ إِثۡمٞۖ وَلَا تَجَسَّسُواْ وَلَا يَغۡتَب بَّعۡضُكُم بَعۡضًاۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمۡ أَن يَأۡكُلَ لَحۡمَ أَخِيهِ مَيۡتٗا فَكَرِهۡتُمُوهُۚ وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَۚ إِنَّ ٱللَّهَ تَوَّابٞ رَّحِيمٞ ﴿١٢﴾

◉

Аударма

Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді.
— Khalifa Altay
Ей, иманға келгендер! Дәлелсіз / жорамал / ойлардың көбінен аулақ болыңдар, өйткені жалаң ойлардың / күмәнның / кейбірі - күнә. Сондай-ақ бір-біріңді аңдымаңдар, әрі бірің өзгелеріңнің сыртынан ғайбаттамасын / ол естіген кезде жақтырмайтын сөз айтпасын / . Сендерден біреу өлген бауырының етін жеуді ұната ма? Әрине, сендер оны жек көресіңдер. Әрі Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімді.
— Khalifah Altai

Тақырыптар · Аят

◉ Сүре · ∞