quranm◉

Сүре Al-Ma'idah 5:27

۞وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ ٱبۡنَيۡ ءَادَمَ بِٱلۡحَقِّ إِذۡ قَرَّبَا قُرۡبَانٗا فَتُقُبِّلَ مِنۡ أَحَدِهِمَا وَلَمۡ يُتَقَبَّلۡ مِنَ ٱلۡأٓخَرِ قَالَ لَأَقۡتُلَنَّكَۖ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلۡمُتَّقِينَ ﴿٢٧﴾

◉

Аударма

(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып,екіншісінен қабылданбаған еді.» (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : «Әлбетте мен сенді өлтіремін»деді.Сонда (һабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді»деді.
— Khalifa Altay
/ Ей, Мұхаммед!! Оларға Адамның екі ұлының хабарын ақиқатпен оқып бер. Сол кезде ол екеуі Аллаһқа жақындау үшін беретіндерін / құрбандықтарын / ұсынды. Сонда олардың бірінен қабыл етіліп, екіншісінен қабыл етілмеді. / Қабыл етілмегені / : «Мен сені міндетті түрде өлтіремін», - деді. / Қабыл етілгені / : «Шын мәнінде, Аллаһ тақуалардан / Раббысың жазасынан қорқып, сақтанушылардан / ғана қабыл етеді.
— Khalifah Altai

Тақырыптар · Аят

◉ Сүре · ∞