Сүре Al-Ma'idah 5:70
لَقَدۡ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَ بَنِيٓ إِسۡرَـٰٓءِيلَ وَأَرۡسَلۡنَآ إِلَيۡهِمۡ رُسُلٗاۖ كُلَّمَا جَآءَهُمۡ رَسُولُۢ بِمَا لَا تَهۡوَىٰٓ أَنفُسُهُمۡ فَرِيقٗا كَذَّبُواْ وَفَرِيقٗا يَقۡتُلُونَ ﴿٧٠﴾
◉
Аударма
Әрине Израил ұрпақтарынан серт алып, оларға елшілер жіберген едік. Қашан да оларға бір елші, көңілдері тартпаған нәрсе келтірсе бір бөлімін өтірікке ұйғарып, бір бөлімін өлтіреді.
Ақиқатында, Біз Исраил ұрпақтарының сертін алдық әрі оларға елшілер жібердік. Әркез оларға қандай да бір Елші, көңілдері қаламаған нәрсені келтірген сайын, олар / елшілердің / бір бөлімін өтірікке шығарып, бір бөлімін өлтіретін еді.