Сүре Al-An'am 6:130
يَٰمَعۡشَرَ ٱلۡجِنِّ وَٱلۡإِنسِ أَلَمۡ يَأۡتِكُمۡ رُسُلٞ مِّنكُمۡ يَقُصُّونَ عَلَيۡكُمۡ ءَايَٰتِي وَيُنذِرُونَكُمۡ لِقَآءَ يَوۡمِكُمۡ هَٰذَاۚ قَالُواْ شَهِدۡنَا عَلَىٰٓ أَنفُسِنَاۖ وَغَرَّتۡهُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَا وَشَهِدُواْ عَلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ أَنَّهُمۡ كَانُواْ كَٰفِرِينَ ﴿١٣٠﴾
◉
Аударма
«Әй жын мен адмдар тобы! Сендерге іштеріңнен аяттарымды баян етіп, бұл күнге кездесулеріңді ескертетін елшілер келмеді ме?»,- (делінеді) Олар: «Раббымыз! Өзімізге куәміз» дейді. Оларды дүние тіршілігі алдаған. Олар өздерінің анык қарсы болғандықтарына айғақ болды.
«Ей, жын және адамдар тобы! Сендерге өздеріңнен Менің аяттарымды баян ететін әрі сендерді осы күндеріңе жолығудан сақтандыратын елшілер келмеді ме?» - / деп айтылады / . Олар: «Біз өзімізге қарсы, өзіміз куәлік етеміз», - дейді. Оларды осы өмір алдады. Олар өздерінің кәпір болғандарына куә болды.