Сүре Al-Baqarah 2:60
۞وَإِذِ ٱسۡتَسۡقَىٰ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِۦ فَقُلۡنَا ٱضۡرِب بِّعَصَاكَ ٱلۡحَجَرَۖ فَٱنفَجَرَتۡ مِنۡهُ ٱثۡنَتَا عَشۡرَةَ عَيۡنٗاۖ قَدۡ عَلِمَ كُلُّ أُنَاسٖ مَّشۡرَبَهُمۡۖ كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ مِن رِّزۡقِ ٱللَّهِ وَلَا تَعۡثَوۡاْ فِي ٱلۡأَرۡضِ مُفۡسِدِينَ ﴿٦٠﴾
◉
Аударма
Сол уақытта Мұса (F.C.) қаумы тшін су тіледі. Сонда: "Таяғыңмен тасты ұр" дедік. Сөйтіп, тастан он екі бұлақ жарылып шықты да әр ел өз суатын білген еді. Алланың несібесінен ішіп, жеңдер де жер жүзінде бұзакылық қылып жүрмеңдер.
Әрі кезінде Мұса елі үшін су сұрағанда, Біз: «Таяғыңмен тасты ұр», - дедік. Одан он екі бұлақ жарып шықты. Сөйтіп адамдардың әрбірі өздерінің су алатын жерін білетін болды. / Оларға: / «Аллаһтың берген ризығынан жеп-ішіңдер және жер жүзінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - делінді.