Сүре An-Naml 27:61
أَمَّن جَعَلَ ٱلۡأَرۡضَ قَرَارٗا وَجَعَلَ خِلَٰلَهَآ أَنۡهَٰرٗا وَجَعَلَ لَهَا رَوَٰسِيَ وَجَعَلَ بَيۡنَ ٱلۡبَحۡرَيۡنِ حَاجِزًاۗ أَءِلَٰهٞ مَّعَ ٱللَّهِۚ بَلۡ أَكۡثَرُهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ ﴿٦١﴾
◉
Аударма
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаган және екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алла мен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді.
/ Серік етіп қосқандарың ба / , әлде жерді тұрақ еткен, оның жылғаларымен / ара-арасынан / өзендер өткізген және оған / жерге / берік тұрғандарды / тауларды / орналастырған әрі екі теңіздің арасына / көрінбейтін / тосық орнатқан ба? Аллаһпен бірге басқа құдай бар ма? Негізінде олардың көбі білмейді.