Сүре Al-An'am 6:128
وَيَوۡمَ يَحۡشُرُهُمۡ جَمِيعٗا يَٰمَعۡشَرَ ٱلۡجِنِّ قَدِ ٱسۡتَكۡثَرۡتُم مِّنَ ٱلۡإِنسِۖ وَقَالَ أَوۡلِيَآؤُهُم مِّنَ ٱلۡإِنسِ رَبَّنَا ٱسۡتَمۡتَعَ بَعۡضُنَا بِبَعۡضٖ وَبَلَغۡنَآ أَجَلَنَا ٱلَّذِيٓ أَجَّلۡتَ لَنَاۚ قَالَ ٱلنَّارُ مَثۡوَىٰكُمۡ خَٰلِدِينَ فِيهَآ إِلَّا مَا شَآءَ ٱللَّهُۚ إِنَّ رَبَّكَ حَكِيمٌ عَلِيمٞ ﴿١٢٨﴾
◉
Аударма
Оларды тұтас жинаған күні: «Әй жын тобы! Адамдардан (азғырып) көбейтіңдер» (делінелі) Олардың адамдардан болған достары: «Раббымыз! Бір-бірімізден пайдаландық. Бізге Сен берген мерзім жетіп келді» дейді. (Алла да) : «Орындарың тозақ, онда мүлде қаласыңдар. Бірақ Алла қаласа басқа» дейді. Күдіксіз Раббың хикмет иесі, толық білуші.
Ол / Аллаһ / олардың барлығын жинаған Күні: «Ей, жындар тобы / жынның шайтандары / ! Сендер адамдардан көбейттіңдер!» - дейді. Олардың адамдардан болған көмекшілері: «Раббымыз! Біз бір-бірімізден пайдаландық және біз үшін Өзің белгілеген мерзімге жеттік», - дейді. Ол: «Сендердің тұрақтарың - От. Онда мәңгі қаласыңдар, егер тек Аллаһ басқаны қаламаса», - дейді. Ақиқатында, Раббың - аса Дана, бәрін Білуші.