Сүре Al-An'am 6:56
قُلۡ إِنِّي نُهِيتُ أَنۡ أَعۡبُدَ ٱلَّذِينَ تَدۡعُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۚ قُل لَّآ أَتَّبِعُ أَهۡوَآءَكُمۡ قَدۡ ضَلَلۡتُ إِذٗا وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُهۡتَدِينَ ﴿٥٦﴾
◉
Аударма
«Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым» де. «Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де (Мұхаммед Ғ.С.).
/ Ей, Мұхаммед! / Айт: «Анығында, маған сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңе құлшылық етуге тыйым салынды», - деп. «Сендердің көңілқұмарлықтарыңа ермеймін. Олай істесем, адасқан және тура жолда жүрмегендерден боламын», - деп.