Сүре Al-An'am 6:91
وَمَا قَدَرُواْ ٱللَّهَ حَقَّ قَدۡرِهِۦٓ إِذۡ قَالُواْ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ عَلَىٰ بَشَرٖ مِّن شَيۡءٖۗ قُلۡ مَنۡ أَنزَلَ ٱلۡكِتَٰبَ ٱلَّذِي جَآءَ بِهِۦ مُوسَىٰ نُورٗا وَهُدٗى لِّلنَّاسِۖ تَجۡعَلُونَهُۥ قَرَاطِيسَ تُبۡدُونَهَا وَتُخۡفُونَ كَثِيرٗاۖ وَعُلِّمۡتُم مَّا لَمۡ تَعۡلَمُوٓاْ أَنتُمۡ وَلَآ ءَابَآؤُكُمۡۖ قُلِ ٱللَّهُۖ ثُمَّ ذَرۡهُمۡ فِي خَوۡضِهِمۡ يَلۡعَبُونَ ﴿٩١﴾
◉
Аударма
Алланы лайықты түрде бағаламағандар, сол уақытта: «Алла, адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді» деді. «Мұса (Ғ.С.) ның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген Кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек- бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Алла түсірді» де. Сонан соң оларды қойып қой, азғындықтарында ойнасын.
/ Олар / : «Аллаһ адам баласына еш нәрсе түсірмеді», - деп, Аллаһтың қадірін лайықты түрде білмеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Адамдар үшін нұр және тура жол ретінде Мұса әкелген Кітапты кім түсірді? Сендерге / онымен / өздерің және әкелерің білмеген нәрселер үйретілген еді. Ал сендер оны бөлек-бөлек парақтар етіп, бір бөлігін көрсетесіңдер де және көбісін жасырып қаласыңдар?» - деп және: « / Оны түсірген / Аллаһ!» - деп айт. Содан кейін оларды жалғанға батқан халде жайында қалдыр.