quranm◉

Сүре Al-Qari'ah القارعة

#
101
↓
M
Аят
11
Аударма
Khalifa Altay

◉

بِسۡمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحۡمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

101:1

ٱلۡقَارِعَةُ ﴿١﴾

Зор уақиға,

101:2

مَا ٱلۡقَارِعَةُ ﴿٢﴾

Ол зор уақиға не нәрсе?

101:3

وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡقَارِعَةُ ﴿٣﴾

Ол зор уақиғаның не екенін білесің бе?

101:4

يَوۡمَ يَكُونُ ٱلنَّاسُ كَٱلۡفَرَاشِ ٱلۡمَبۡثُوثِ ﴿٤﴾

Ол күні адам баласы таралған паруандай болады.(С.7-А)

101:5

وَتَكُونُ ٱلۡجِبَالُ كَٱلۡعِهۡنِ ٱلۡمَنفُوشِ ﴿٥﴾

Таулар түтілген жүндей болады.

101:6

فَأَمَّا مَن ثَقُلَتۡ مَوَٰزِينُهُۥ ﴿٦﴾

Міне сонда біреудің таразысы ауыр тартса,

101:7

فَهُوَ فِي عِيشَةٖ رَّاضِيَةٖ ﴿٧﴾

Онда ол,разы болатын бір тіршілікте болады.

101:8

وَأَمَّا مَنۡ خَفَّتۡ مَوَٰزِينُهُۥ ﴿٨﴾

Ал енді біреудің таразысы жеңіл тартса,

101:9

فَأُمُّهُۥ هَاوِيَةٞ ﴿٩﴾

Онда оның орны «һауя» болады.

101:10

وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا هِيَهۡ ﴿١٠﴾

Ол һауяның не екенін білесің бе?

101:11

نَارٌ حَامِيَةُۢ ﴿١١﴾

Ол,жалындаған от.