quranm◉

Тақырыптар · kk (Бет 3)

113 Аят · Тақырыптар · kk

Al-Mursalat 77:6

عُذۡرًا أَوۡ نُذۡرًا ﴿٦﴾

Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт. (Бұл аяттардағы ант етілген нәрселерді Алла (Т.) ашық баян етпеген. Мүфәссірлер бұл жөнде түрлі көз қарастар білдірген. Мысалы: Періштелер, 2-Желдер, 3-Құран Кәрим, 4-Пайғамбарлар. Не бәрі жел, не бәрі періштелер...)

An-Naba 78:38

يَوۡمَ يَقُومُ ٱلرُّوحُ وَٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ صَفّٗاۖ لَّا يَتَكَلَّمُونَ إِلَّا مَنۡ أَذِنَ لَهُ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَقَالَ صَوَابٗا ﴿٣٨﴾

Ол күні Жебрейіл (Ғ.С.) және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұхсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.

At-Takwir 81:19

إِنَّهُۥ لَقَوۡلُ رَسُولٖ كَرِيمٖ ﴿١٩﴾

(Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (С.40-А)

At-Takwir 81:20

ذِي قُوَّةٍ عِندَ ذِي ٱلۡعَرۡشِ مَكِينٖ ﴿٢٠﴾

Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді,

At-Takwir 81:21

مُّطَاعٖ ثَمَّ أَمِينٖ ﴿٢١﴾

Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С)

Al-Fajr 89:21

كَلَّآۖ إِذَا دُكَّتِ ٱلۡأَرۡضُ دَكّٗا دَكّٗا ﴿٢١﴾

Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте,

Al-Fajr 89:22

وَجَآءَ رَبُّكَ وَٱلۡمَلَكُ صَفّٗا صَفّٗا ﴿٢٢﴾

Раббың келіп,періштелер сап сап болған кезде

Al-Fajr 89:23

وَجِاْيٓءَ يَوۡمَئِذِۭ بِجَهَنَّمَۚ يَوۡمَئِذٖ يَتَذَكَّرُ ٱلۡإِنسَٰنُ وَأَنَّىٰ لَهُ ٱلذِّكۡرَىٰ ﴿٢٣﴾

Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?

Al-Qadr 97:1

إِنَّآ أَنزَلۡنَٰهُ فِي لَيۡلَةِ ٱلۡقَدۡرِ ﴿١﴾

Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік.

Al-Qadr 97:2

وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا لَيۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ ﴿٢﴾

(Мұхаммед Ғ.С) Қадыр түнінің не екенін білесің бе?

Al-Qadr 97:3

لَيۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ خَيۡرٞ مِّنۡ أَلۡفِ شَهۡرٖ ﴿٣﴾

Қадыр түні мың айдан хайырлы.

Al-Qadr 97:4

تَنَزَّلُ ٱلۡمَلَـٰٓئِكَةُ وَٱلرُّوحُ فِيهَا بِإِذۡنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمۡرٖ ﴿٤﴾

Періштелер және Жеберейіл (Ғ.С) ол кеште Раббыларының рұхсаты бойынша барлық іс үшін түседі.

Al-Qadr 97:5

سَلَٰمٌ هِيَ حَتَّىٰ مَطۡلَعِ ٱلۡفَجۡرِ ﴿٥﴾

Ол бейбітшілік кеші,таң рауандағанға дейін жалғасады.(Қадыр кеші :Рамазан айының кеші.(С.185-А) Б.К.Р.Х.Т)

Тақырыптар