quranm◉

Бет 599

Range
from 98:8 to 100:9
Surahs covered
Аударма
18 Аударма

◉

98:8

جَزَآؤُهُمۡ عِندَ رَبِّهِمۡ جَنَّـٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُۚ ذَٰلِكَ لِمَنۡ خَشِيَ رَبَّهُۥ ﴿8﴾

Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады.Алла олардан разы, олар Алладар разы.Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.

99:1

إِذَا زُلۡزِلَتِ ٱلۡأَرۡضُ زِلۡزَالَهَا ﴿1﴾

Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте,

99:2

وَأَخۡرَجَتِ ٱلۡأَرۡضُ أَثۡقَالَهَا ﴿2﴾

Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде,(Қазыналар,өліктер)

99:3

وَقَالَ ٱلۡإِنسَٰنُ مَا لَهَا ﴿3﴾

Адам баласы: «Бұған не болды?»,деген сәтте;

99:4

يَوۡمَئِذٖ تُحَدِّثُ أَخۡبَارَهَا ﴿4﴾

Ол күні жер,уақиғасын түсіндіреді;

99:5

بِأَنَّ رَبَّكَ أَوۡحَىٰ لَهَا ﴿5﴾

Раббыңның оған білдіруімен.

99:6

يَوۡمَئِذٖ يَصۡدُرُ ٱلنَّاسُ أَشۡتَاتٗا لِّيُرَوۡاْ أَعۡمَٰلَهُمۡ ﴿6﴾

Сол күні,адам баласы,ғамалдыры көрсетілуі үшін топ топ келеді.

99:7

فَمَن يَعۡمَلۡ مِثۡقَالَ ذَرَّةٍ خَيۡرٗا يَرَهُۥ ﴿7﴾

Сонда кім тазаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса,ол оны көреді.

99:8

وَمَن يَعۡمَلۡ مِثۡقَالَ ذَرَّةٖ شَرّٗا يَرَهُۥ ﴿8﴾

Ал және кім тозаңның түйіріні салмағындай жамандық істесе,оны көреді.

100:1

وَٱلۡعَٰدِيَٰتِ ضَبۡحٗا ﴿1﴾

Қатты ентігіп,шапқан.

100:2

فَٱلۡمُورِيَٰتِ قَدۡحٗا ﴿2﴾

(Тұяғынан) от шығарған,

100:3

فَٱلۡمُغِيرَٰتِ صُبۡحٗا ﴿3﴾

Таң сәріден шабуыл жасаған,

100:4

فَأَثَرۡنَ بِهِۦ نَقۡعٗا ﴿4﴾

Тозаңдатып,шаңдатқан;

100:5

فَوَسَطۡنَ بِهِۦ جَمۡعًا ﴿5﴾

Сөйтіп жаудың ортасына кірген аттарға серт.

100:6

إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لِرَبِّهِۦ لَكَنُودٞ ﴿6﴾

Шын мәнінде адам баласы Раббына тым нәшүкірлік етеді.(Қанағатсыз)

100:7

وَإِنَّهُۥ عَلَىٰ ذَٰلِكَ لَشَهِيدٞ ﴿7﴾

Өйткені ол,өзі де оған куә.

100:8

وَإِنَّهُۥ لِحُبِّ ٱلۡخَيۡرِ لَشَدِيدٌ ﴿8﴾

Сондай ақ ол,байлықты өте жақсы көреді.

100:9

أَفَلَا يَعۡلَمُ إِذَا بُعۡثِرَ مَا فِي ٱلۡقُبُورِ ﴿9﴾

Ал олар білмей ме? Қабырдағылар қопарылып шығарылған кезде.