وَٱلضُّحَىٰ ﴿١﴾
Сәске уақтына,
288 Аят · Тақырыптар · kk
وَٱلضُّحَىٰ ﴿١﴾
Сәске уақтына,
وَٱلَّيۡلِ إِذَا سَجَىٰ ﴿٢﴾
Тым-тырыс түнге ант.
مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَىٰ ﴿٣﴾
Раббың сені тастамады да кейімеді.
وَلَلۡأٓخِرَةُ خَيۡرٞ لَّكَ مِنَ ٱلۡأُولَىٰ ﴿٤﴾
Әрине сен үшін ахирет,дүниеден жақсы.
وَلَسَوۡفَ يُعۡطِيكَ رَبُّكَ فَتَرۡضَىٰٓ ﴿٥﴾
Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың.
أَلَمۡ يَجِدۡكَ يَتِيمٗا فَـَٔاوَىٰ ﴿٦﴾
Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма?
وَوَجَدَكَ ضَآلّٗا فَهَدَىٰ ﴿٧﴾
Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма ?
وَوَجَدَكَ عَآئِلٗا فَأَغۡنَىٰ ﴿٨﴾
Сені кедей көріп,байытпады ма?
فَأَمَّا ٱلۡيَتِيمَ فَلَا تَقۡهَرۡ ﴿٩﴾
Ендеше жетімді қорлама,
وَأَمَّا ٱلسَّآئِلَ فَلَا تَنۡهَرۡ ﴿١٠﴾
Сұраушыны зекіме.
وَأَمَّا بِنِعۡمَةِ رَبِّكَ فَحَدِّثۡ ﴿١١﴾
Раббыңның нығметін білдір.
وَيۡلٞ لِّكُلِّ هُمَزَةٖ لُّمَزَةٍ ﴿١﴾
Бүкіл қорлаушы,өсекшіге нендей өкініш!
إِنَّآ أَعۡطَيۡنَٰكَ ٱلۡكَوۡثَرَ ﴿١﴾
(Мұхаммед Ғ.С) шын мәнінде саған кәусәрді бердік.(Кәусәр:Жаннатта бір көл немесе Құран,шапағат Т.Б.лар. Б.Ж.М.)
فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَٱنۡحَرۡ ﴿٢﴾
Сондықтан раббың үшін намаз оқы,құрбан шал.
إِنَّ شَانِئَكَ هُوَ ٱلۡأَبۡتَرُ ﴿٣﴾
Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.(Мұхаммедтің ұлы жоқ,деп кемітеді екен. Ж.М.К.)
إِذَا جَآءَ نَصۡرُ ٱللَّهِ وَٱلۡفَتۡحُ ﴿١﴾
(Мұхаммед Ғ.С) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде;
وَرَأَيۡتَ ٱلنَّاسَ يَدۡخُلُونَ فِي دِينِ ٱللَّهِ أَفۡوَاجٗا ﴿٢﴾
Адамдарың,Алланың дініне топ-тобімен кіргенін көресің.
فَسَبِّحۡ بِحَمۡدِ رَبِّكَ وَٱسۡتَغۡفِرۡهُۚ إِنَّهُۥ كَانَ تَوَّابَۢا ﴿٣﴾
Енді Раббыңды мақтай дәріптеп,Одан жарылқау тіле.Негізінен Алла,тәубені өте қабыл етуші.
تَبَّتۡ يَدَآ أَبِي لَهَبٖ وَتَبَّ ﴿١﴾
Әбу Ләһаптің екі қолы құрысын!Құрыды да.
مَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُ مَالُهُۥ وَمَا كَسَبَ ﴿٢﴾
Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді.
سَيَصۡلَىٰ نَارٗا ذَاتَ لَهَبٖ ﴿٣﴾
Ол,жалындаған отқа кіреді.
وَٱمۡرَأَتُهُۥ حَمَّالَةَ ٱلۡحَطَبِ ﴿٤﴾
Әйелі, отын көтеріп кіреді.
فِي جِيدِهَا حَبۡلٞ مِّن مَّسَدِۭ ﴿٥﴾
Оның мойнында есілген арқан болады.
قُلۡ هُوَ ٱللَّهُ أَحَدٌ ﴿١﴾
(Мұхаммед Ғ.С оларға) айт: Ол Алла,біреу-ақ.
ٱللَّهُ ٱلصَّمَدُ ﴿٢﴾
Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұхтаз)
لَمۡ يَلِدۡ وَلَمۡ يُولَدۡ ﴿٣﴾
Ол,тумады да туылмады.
وَلَمۡ يَكُن لَّهُۥ كُفُوًا أَحَدُۢ ﴿٤﴾
Әрі оған ешкім тең емес.
قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلۡفَلَقِ ﴿١﴾
(Мұхаммед Ғ.С): «Таңның Раббыға сиынамын,»
مِن شَرِّ مَا خَلَقَ ﴿٢﴾
«Жаратқан нәрселерінің кесірінен,»
وَمِن شَرِّ غَاسِقٍ إِذَا وَقَبَ ﴿٣﴾
«Қараңғылық басқан сәтте,түннің кесірінен,»
وَمِن شَرِّ ٱلنَّفَّـٰثَٰتِ فِي ٱلۡعُقَدِ ﴿٤﴾
«Түйіншектерге дем салушылардың кесірінен,»
وَمِن شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَ ﴿٥﴾
«Күншілдердің кесірінен,ол күндеген сәтте (сиынамын)» де.
قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلنَّاسِ ﴿١﴾
(Мұхаммед Ғ.С): «Адамдардың Раббына,»
مَلِكِ ٱلنَّاسِ ﴿٢﴾
«Адамдардың иесіне,»
إِلَٰهِ ٱلنَّاسِ ﴿٣﴾
«Адамдардың иесіне,»
مِن شَرِّ ٱلۡوَسۡوَاسِ ٱلۡخَنَّاسِ ﴿٤﴾
«Сыбырлап азғырушының кесірінен,»
ٱلَّذِي يُوَسۡوِسُ فِي صُدُورِ ٱلنَّاسِ ﴿٥﴾
«Сондай адамдардың көкейлеріне салатын;»
مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ ﴿٦﴾
«Мейлі жыннан,мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де.